Асыл клиникасындағы ассистенттің рөлі

24.03.2017

Заманауи стоматологияны ассистентсіз елестету қиын екенін қазір екінің бірі білері сөзсіз. Технология, медицина, жалпы адамзат жылдан жылға дамып келеді. Медицинамен бірге стоматология да.

Жаңа емдеу тәсілдері, құралдар мен өнімдер шығуына байланысты жаңа мамандық – дәрігер стоматологтың көмекшісі пайда болды.

Ассистенттің ең негізгі міндеті – дәрігер стоматологтың жұмысын барынша жеңілдету. Керек құрал-жабдықтарды дер кезінде дайындап беру арқылы, оның өз білімін толығымен қолдануына мүмкіндік жасау.

Дәрігер-стоматологтың ассистентінің негізгі мақсаттары:

1. Пациентпен жұмыс уақытында медициналық шаралар мен манипуляцияларды орындау;

2. Қабылдау уақытында керек материалдар және инструменттермен қамтамасыз ету;

3. Жұмыс кабинетін техникалық және санитарлы-гигиеналық шараларға сай ұйымдастыру.

Ассистенттің негізгі міндеттері:

1. Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау;

2. Аға медбикеден керекті медикакменттер, инструменттер және материалдар алу;

3. Өз жұмысына толығымен жауапты болу;

4. Клиника пациенттеріне жылы жүзбен қарау;

5. Жұмыс кабинетіндегі материалдар, құрал-жабдықтар және инструменттердің сақталуын қадағалау;

6. Кабинетте ылғалды жиыстыруды ұйымдастыру;

7. График бойынша кабинетті кварцтау;

8. Қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

9. Сырт келбетінің ұқыптылығын қадағалау;

10. Корпоратив арасында клиника әдебін сақтау;

11. Квалификация жоғарылату мақсатындағы сабақтарға, конференциялар мен клиникадағы жиналыстарға қатысу.

Пациенттерге қызмет көрсету тәртібі:

* Жылы жүзді болу, қоғамда қалыптасқан этиканы сақтау;

* Пациентті аты-жөнімен атау немесе пациент өз сұрауы бойынша тек атымен;

* Пациентке оны емдеп жатқан дәрігердің аты-жөнін мәлімдеу;

* Пациентті күтіп алу, сәлемдесу мен шығарып салу ережелерін

сақтау;

* Пациентті максималды қолайлылықпен қамтамасыз ету.


Возврат к списку